«Бала Бақберген» бөбекжай-балабақшасы Солтүстік -Батыс, көше С.Юсупов үй 240 орналасқан. Балабақша ұжымы білікті педагогтардан, тәжірибелі тәрбиешілерден, аспазшылар және  медбикелерден құралған.

Қызметкерлердің басты мақсаты балалардың жан жақты дамуына толыққанды жағдай жасау. Білім беру және тәрбиелеу мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартына және бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Бағдарлама мектепке дейінгі  жастағы балалардың дене және психикалық денсаулығын сақтауға, балалар дамуының негізгі көрсеткіші ретінде балалар негізгі құзыреттілігі міндеттерін шешуді қалыптастыруға бағытталған.

   Біздің балабақшада мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласында заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз етілген.

   Балалармен жұмыс жүргізуде әртүрлі инновациялық технологиялар қолданылады: Монтессори элементтері, ТРИЗ технологиясы, құм терапиясы, балаларды шынықтыруда дәстүрлі емес әдіс-тәсілдер қолданылады.

   Балабақшада үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. Жыл бойы балаларға  жеміс-жидектер және сүт өнімдері беріледі.

   Барлық ертеңгіліктер, іс-шаралар ата-аналардың қатысуымен өткізіледі. Біз ата-аналармен бірге балаларды Отансүйгіштікке тәрбиелейміз.

Біздің балабақшаға қош келдіңіздер!