Медициналық қызмет

Балалар ойнап жүргенде жиі әр түрлі дәрежедегі жарақат алады. Медицина қызметкерлері келгенше көмек көрсетілуінің маңызы зор. Алған соққының ауыр лығына байланысты көмектің көлемі де әрқалай. Жеңіл жарақаттар балалардың өміріне қауіптіемес.Дененің көгеруін тежеу үшін соққы алған жерге суық суға салынған үшін шүберекті басу қажет.Егер қол немесе аяқ шығып кетсе, зақымдалған күйінде қозғамай емханаға жеткізу қажет.

Адам ағзасы көптеген қан тамырларының тармақтарынан тұрады.Қандай да қан кету болмасын,ол қан тамырларының зақымдалуы болып табылады.Егер мұрыннан қан кетсе 3% сутегінің асқын тотығын дәкеге құйып мұрынға тығыздап салу қажет.

Адам талған кезде есін жоғалтып, тері қабаты қуқыл тартады. Алғашқы көмек көрсету үшін кеңсенің желдеткішін ашып,таза ауамен қамтамасыз ету қажет. Науқастың басын төмен түсірген кезде мыйға қанның баруын қамтамасыз етуге болады.

Тері қабаттарының күйуі қайнаған су,ыстық бу,химиялық заттардың әсерінен болады.Алғашқы көмек көрсету үшін күйдіргіш заттың денеге әсерін доғару қажет.Зақымдалған жерге микроптар түспес үшін таза дәкемен жауып қою керек.

Балалар құлағына,мұрнына түйме,бұршақ т.б.заттарды салып алады.Бұл заттарды өздігімен,арнайы құралдарсыз алуға болмайды.Себебі ол заттарды тереңге басқа құралдардың әсерімен еңгізіп жіберуге болады.